Қостанайда өртеніп жатқан қару-жарақ дүкені жертөлесінде екі адам қалып кеткен
alau.kz
Оқ-дәрілердің жарылуына байланысты өрт сөндірушілер оларға жақындау мүмкін еместігін жеткізген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай қаласында Назарбаев көшесіндегі "Оружейное палата" дүкенінің ғимараты ортқа оранды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
От жақын маңдағы ТЖО, асхана және 8 жеке тұрғын үйдің шатырына ұласып, алапат өртке айналды.
Қару-жарақ дүкенінің иесі жанып жатқан ғимараттың жертөлесінде 2 адам қалып кеткенін айтты, бірақ оқ-дәрілердің жарылуына байланысты өрт сөндірушілер оларға жақындау мүмкін еместігін жеткізген.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді.
Өрт орнында жоғары деңгейдегі дабыл белгісі бойынша облыстық ТЖД-ның жеке құрамының 40 адамы мен 12 техникасы жұмыс істеп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52