Смағұл Елубай: Бұл – тарихи Жолдау

kaznu.kz
kaznu.kz
Жазушы өзіне ұнаған Президенттің мәлімдемелерін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауы халық арасында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Белгілі жазушы Смағұл Елубай да Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты пікірін білдірді.

Жазушының айтуынша, жалпы орта білім беретін мектепті бітірген баланың  бәрі бірінші - қазақ тілін, екінші - орыс тілін біліп шығуы міндетті болуға тиіс,  бұл – орта білім беретін мектептердің міндеті. 

"Шетелдегі біздің отандастарымызды көшіру немесе біздің ішкі миграцияны реттеу –  бұл осы елдің қауіпсіздігі үшін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін басты мәселелердің бірі екені белгілі. Яғни, бұл салаға да  жаңа серпін беріледі деді Президент. Соған да қуандық. 1 сағатқа созылған Жолдаудың ең үлкен саяси мәлімдемесі соңында айтылды. Бұл Қазақстан Президенті ретінде осы күзде Президенттік сайлау жариялаймын дегені болды Мемлекет басшысының. Ендігі жерде Президент тек бір ғана рет 7 жылға сайланады дегені болды. Бұл – осы Жолдауды жай Жолдау емес, тарихи Жолдау деңгейіне көтеріп жіберді", – деді Смағұл Елубай.

Новости партнеров