|
13.06.2023 | 15:13
524

Павлодарда бес қабатты үй өртеніп кетті

Оқиға орнына 11 адам мен төрт техника жұмылдырды

Павлодарда бес қабатты үй өртеніп кетті pavlodarnews.kz

Палодарда бес қабатты үйде болған өрттен тағы 10 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Сағат 00:37-де 112 пультіне Геринг көшесіндегі үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына 11 адам мен төрт техника жұмылдырды.

Өрт сөндірушілер, бірінші қабаттың кіре берісінде 6 шаршы метр аумақта қабырғалардың, кіреберіс есіктің ағаш құрылымдары өртенгені анықталды.

Өрт сөндірушілер 10 адамды эвакуацияландырды. Сондай-ақ, олар төрт баланы, бір ересекті қолдарына көтеріп алып шығып, құтқарды. Қызметкерлер баспалдақ арқылы екінші қабаттан төрт адамды, оның ішінде екі баланы, үшінші қабаттан бір адамды құтқарды.

Өрт салдарынан бес велосипед, екі арба жартылай зақымданды. Екінші қабатта интернет торабының қосқышы, бірінші қабатта электр сымдарының оқшаулағыштары балқып кетті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир