Психобелсенді заттарды жарнамалаумен айналысқандардың бірі 4 жылға бас бостандығынан айырылды
Солтүстік Қазақстан облысында есірткі сатумен айналысқан 6 интернет дүкен әшкере болды. Олар ғаламтор беттерінде синтетикалық ұнтақты саудалап, тұтынушыларға байланыссыз түрде жеткізіп отырған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Психобелсенді заттарды жарнамалаумен айналысқандардың бірі 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, былтыр бір ғана Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 195 есірткі қылмысы анықталған.
«2020 жылы заңсыз айналымнан 462 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде 400 грамм героин және екі килограм синтетика бар. Ең өрескел қылмыстардың бірі – байланыссыз синтетикалық есірткілерді таратумен айналысқан алты интернет дүкен болып табылады»,– деді облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.