Шұғыл қонған АН-2 ұшағының суреттері пайда болды

26.02.2021 20:34

Ұшақ оңтүстік бағыттағы ұшу-қону жолағынан 1,5 шақырым жерге қонды

ҚР ТЖМ

2021 жылдың 26 ақпанында сағат 12.26-да Іле ауданы Боралдай кентінде Боралдай-Кеген бағытында санитарлық авиация әуежайынан ұшып шыққан АН-2 ұшағы қозғалтқышында ақау шығып, жерге шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ұшақ оңтүстік бағыттағы ұшу-қону жолағынан 1,5 шақырым жерге қонды. Оқиға болған жерге ТЖД-ның 7 қызметкері мен 2 техника, «Боралдай» авиациялық қауіпсіздік қызметінен 15 қызметкер мен 5 техника барды.

«Ұшақта экипаждың 2 мүшесі және 3 жолаушы болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматы облысында Ан-2 ұшағы шұғыл қонғанын хабарлаған болатынбыз.