Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша тіркелді
Алматыда теракт жасаймын деп хабарлама жіберген оқушы бала қолға түсті. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Хабарлама түсе салысымен қаланың барлық төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері дереу көрсетілген мекенжайға барып, саперлардың көмегімен ғимаратқа комиссиялық тексеру жүргізген. Жарылғыш заттар табылған жоқ. 14 жасар баланың жалған ақпарат таратқаны анықталып, ол өзінің жасаған әрекетін мойындады. Бұл факт бойынша іс тергеліп жатыр.
«Бұл ақпарат жедел әрекет етуді қажет етті. Хабарлама түсе салысымен қаланың барлық төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері дереу осы мекенжайға барып, саперлардың көмегімен ғимаратқа комиссиялық тексеру жүргізді. Жарылғыш заттар табылған жоқ. Ақпарат расталмады. Оның авторы жедел-іздестіру шараларының арқасында тез табылды. Ол жоғарыда аталған көппәтерлі үйдің бірінің 14 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Жасөспірім өзінің жасаған әрекетін мойындап, оны бұзақылық ниетпен жібергенін айтты. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша тіркелді», - дейді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.