|
Jol
13.12.2023 | 19:03
2130

Жамбыл облысындағы әлеуметтік нысандарға жылу қашан беріледі

Төтенше жағдай болған орында жедел штаб құрылды

Жамбыл облысындағы әлеуметтік нысандарға жылу қашан беріледі Almaty.tv

Тараздың бірнеше ауданы мен Жамбыл облысындағы ауылдар жылусыз қалды. Бір күн бұрын Гродеково ауылында газ құбыры жарылып, қысым күрт төмендеген. Төтенше жағдай болған орында жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Газ құбыры жарылған Гродеково ауылының тұрғыны Айша Малахасанова да көршілері сияқты өткен түнді газсыз, жылусыз өткізген. Оның айтуынша, үйде қалың киім мен көрпе жамылып амалдауға тырысқан. Ал таңертең жылу батареяларының қатып қалғанын байқаған.

– Менің ауламда не болып жатқанын қараңыз. Үй мен ас бөлменің арасы қатып қалған. Не істерімді білмеймін. Газ жоқ, өте суық, – деді Гродеково ауылының тұрғыны Айша Малахасанова.

– Кеше кештен бері газ жоқ. Тұрғындар, әрине, шағымданады. Кейбірінің емізулі сәбиі бар. Жылу жүйелері істен шыққан. Бірақ адамдар жұмыс істеп жатыр. Жақсы жаңалық күтеміз, – деді Гродеково ауылының тұрғыны Айша Қарахмет-Оғлы.

Жөндеу жұмыстары түннен бастап жүргізілді. Мамандар жарылыс болған құбырды 8 жерден дәнекерлеген. Ескі желінің не үшін жарылғанын анықтау үшін арнайы талдау жасалады.

– Штаб құрылған. Сол штабта арнайы мамандар бар. Газ өшкен 26 көшенің тізімі жасалды. Барлық мәселе бойынша тұрғындар штабқа хабарласа алады, қажетті көмек көрсетеді, – деді облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек.

Төтенше жағдай салдарынан жеке үйлерден бөлек, бірнеше мектеп, балабақша, медициналық мекемелерге газ берілмей тұр. Жылыту жүйесі қатып қалмауы үшін нысандар резервтік генераторларды пайдаланып, жылытуға тырысып жатыр.

Сая Меңдеке, Жансая Олжабек, Тілеуқабыл Саржанов, «Алматы» телеарнасы, Жамбыл облысынан

Оқи отырыңыз: Қаскелең қаласында 700 адам жылусыз отыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир