Қарағандыда өрт сөндірушілер өрт шыққан пәтерден 70 жастағы әйелді өлім аузынан аман алып қалды. Қария иіс тиген деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Төтенше жағдай бүгін 25 наурызда сағат 08:11-де Қарағанды қаласының Осевая көшесіндегі тұрғын үйде болды. 4-ші қабаттағы пәтерді от шарпыды. Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтер иесін құтқарып қалды. Зардап шеккен қарт әйел улы газдан уланудың жеңіл дәрежесі алдын ала диагнозымен медициналық мекемеге жатқызылды. Сондай-ақ, өрт сөндіру барысында ТЖД күшімен кіреберістен құтқару қақпақтарының көмегімен 5 адам құтқарылды.
«20 шаршы метр алаңда заттары, жиһаз, кіреберістегі және 1 бөлмелі пәтердің залындағы терезе мен есік блоктары жанған. Өрт 08:45-те сөндірілді»,– деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 19 адам және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.