|
Jol
16.07.2024 | 15:15
306

Алматыдағы көшелердің бірі екі күнге жол жабылады

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз

Алматыдағы көшелердің бірі екі күнге жол жабылады elements.envato.com

17 шілдеде сағат 09:00-ден 19 шілде күні сағат 09:00-ге дейін Алмалы ауданындағы көлік қозғалысы Манас көшесімен Шевченко көшесінен Абай даңғылына дейін жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу желілері» ЖШС сілтеме жасап.

Алдағы жылыту маусымына жылумен жабдықтау желілерін дайындау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz, @AlmatyJoly Telegram-арнасы мен сайтта орналастырылған, сондай-ақ аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, «2GIS»  пен «Яндекс карталар»  сервистерінде бар.

Кешірім сұрай отырып, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Петропавлда 3 жастағы қызды көлік қағып кетті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир