Павлодарда 4 жасар бала ауладағы шұңқырға құлап қаза болды

t.me/POLICE_of_KZ
t.me/POLICE_of_KZ
Сараптама тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысында төрт жастағы бала кәріз жүйесіне құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 31 мамырда кешкі уақытта жедел түрде медициналық көмек керек екені туралы хабарлама түскен.

Анықталғандай, бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағаш қоршаумен жабылған септикке құлаған.

Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 10 минутта жетті, алайда ол кезде баланың көз жұмғаны тіркелді.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне бойынша «Адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі».

Новости партнеров