Алматы облысында із-түзсіз жоғалған жасөспірім табылды

открытые источники
открытые источники
Қызды іздеу жұмыстарына криминалдық және ювеналдық полиция қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары мен еріктілер жұмылдырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған қызды тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылғы 9 тамызда Алматы облысы ПД Іле аудандық ПБ кезекші бөліміне Междуречинск кентінің 56 жастағы тұрғыны 9 сыныпта оқитын 14 жастағы немересінің белгісіз бағытта үйінен кетіп, қайта оралмағаны туралы арызданған. Осы өтініш ресми тіркелгеннен кейін полицейлер жедел түрде жасөспірімді іздеуге кірісті. 

Із кесушілер қыздың әкесімен және қызды өз қамқорлығына алған апасымен тұратынын, ал қыздың анасы басқа қалада бөлек тұратынын анықтады. Жасөспірімнің үйден кетер алдында әкесі мен қыздың арасында сөзге келіспеушілік болғаны белгілі болды. 

Қызды іздеу жұмыстарына криминалдық және ювеналдық полиция қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары мен еріктілер жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеудегі жасөспірім аман-есен 30 тамыз күні Қарасай ауданындағы “Алтын Орда” базарының аумағынан табылды. Қыз сыйханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істеген және ол жатын орны бар сыйханада тұрып келген. 

Аман табылған қызды тәртіп сақшылары үйіне қайтарып, әжесіне табыстады. Қария полицейлердің табанды ізденісі және кәсіби шеберліктері үшін алғысын білдірді. Отбасынан қашып кеткен кәмелетке толмаған бала қаңғыбастығы үшін арнайы есепке алынды. Қыздың әкесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігі мен 442-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Новости партнеров