Алматы автобустарына Wi-Fi қашан қосылады
zakon.kz
Қазіргі уақытта Wi-Fi құрылғысын орнату бойынша, тасымалдаушы компаниялар операторлармен келіссөздер жүргізуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда автобустар мен троллейбустар Wi-Fi-ға қазан айының соңына дейін қосылады. Бұл туралы қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта Wi-Fi құрылғысын орнату бойынша, тасымалдаушы компаниялар операторлармен келіссөздер жүргізуде. Алдағы уақытта қаладағы «Электротранстың» бір бөлігіне Wi-Fi енгізіледі. Жабдықтарды кезең-кезеңімен орнату жұмыстары басталып кетті. Шамамен қазан айының соңы мен қарашаның басында Wi-Fi қосылған алғашқы 50 троллейбус қызмет көрсете бастайды»,– деді Ерлан Әділов.
Оның айтуынша, Wi-Fi автобустарға кезең-кезеңімен орнатылады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
30.09.2026 10:15
Шымкентте күйеуінің өліміне күдікті әйел қамауға алынды
29.09.2026 19:39
Алматыда су мен кәріз қызметінің тарифтері өзгереді
29.09.2026 16:36
Абай облысында робот-ит қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісті
29.09.2026 08:30