|
24.10.2022 | 15:17
4725

Ақмола облысында 6 жеңіл көлік тиеген Mercedes аударылды

Материалдық залал нақтыланатын болады

Ақмола облысында 6 жеңіл көлік тиеген Mercedes аударылды POLICE_of_KZ

21 қазан күні "Екатеринбург – Алматы" тасжолында жүргізушісі рөлге ие бола алмауы салдарынан 6 жеңіл көлік тиеген Mercedes Actros аударылып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталды. Ол жол апатынан кейін оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, тек машиналарға механикалық зақым келді", деді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Материалдық залал нақтыланатын болады.

33 жастағы жүргізушіге қатысты көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ ол апат орнын қалдырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотқа жіберілді, делінген полиция хабарламасында.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир