Аталған факт бойынша тергеп-тексеру жұмыстары басталды
Алматыда тағы да жеткізіп беру қызметінің жұмысшысымен жол апаты болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында мопед мінген курьер бағдаршамның қызыл түсіне өткен. Нәтижесінде Toyota RAV4 маркалы көлікке соқтығысқан. Жол апатынан мопедтегі екі адам зардап шекті. Олар бірден ауруханаға жеткізілген. Аталған факт бойынша тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Еске салайық, 16 наурызда курьер арбадағы кішкентай баланы қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Алайда көп ұзамай ұсталған еді.