Ақтаудағы жағажайлардың бірінде болған жаппай төбелестің видеосы тарап кетті

23.06.2021 20:18

Оқиға «Достар» жағажайында 22 маусымда болған

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы жағажайлардың бірінде болған жаппай төбелестің видеосы тарады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға «Достар» жағажайында 22 маусымда болған. Бейнежазбадан күндізгі уақыт екенін және ер адамдарды ажыратуға тырысқан адамдар тобын көре аламыз.

Үш жігіт Ақтау полициясына жеткізілді.

«Екеуі кәмелеттік жасқа толмағандар. Олар Ақтау ювеналді полциясына табысталды, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» және 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – деді Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.

Құқық қорғау органы қызметкерлері төбелестің өзге қатысушыларын анықтап жатыр.