12 мамыр күні Қазақстанның мемлекеттік eGov порталына әлемнің 48 елінен бір мезгілде кибершабуыл жасалды. Нәтижесінде, халыққа онлайн қызмет көрсететін платформа уақытша істен шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Соның салдарынан мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының интернет-ресурстары қолжетімсіз болып қалған.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзге де интернет-ресурстарына, атап айтқанда, «Е-лицензиялау» және «Электрондық үкіметтің» барлық компоненттерінде де проблемалар туындаған.
Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Мемлекеттік техникалық қызметпен бірлесіп жүргізген жұмысының нәтижиесінде, Қазақстандық интернет сегменттің ресурстарына әлемнің 48 елінен 550-ден астам IP-мекенжайлардан шабуыл жүргізілгені анықталған.
Қазіргі уақытта, шабуылдың әсерін азайту мен оны толық бұғаттау бойынша шаралар қабылдануда.