|
17.05.2023 | 15:20
2589

Ақтаудағы атыс: тұрғындар шошып оянды

Күдіктілер ұсталды

Ақтаудағы атыс: тұрғындар шошып оянды Иллюстративное фото nashregion33.ru

Ақтау тұрғындары оқыстан атылған оқ дауысынан шошып оянды. Оқиға кеше сағат 24:00 шамасында 16-шағынауданда болған. Жергілікті полиция қызметіне белгісіз біреулердің бірнеше рет оқ атқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тергеу барысында 20 және 22 жастағы күдікті анықталды. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмысы жүріп жатыр.

Мән-жайды анықтау мақсатында оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, атыс гильзаларын тәркілеген. Сонымен қатар тексеру барысында оқ жарақатынан зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасына қаралмағандығы анықталды. Аталмыш дерек бойынша 20 және 22 жастағы күдіктілер анықталды. Бұл дерек ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша Ақтау қаласы СДТБТ-де тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, – деді Маңғыстау облыстық ПД ресми өкілі Әйгерім Ибатуллаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир