Қарағанды облысында ұйымдасқан ірі қылмыстық топ ұсталды

02.04.2021 в 20:21

Арнайы жасақтың мәліметінше, күдіктілер бұл компоненттерден 24 миллиард теңге пайда түсіруді көздеген

Қарағанды облысында ұйымдасқан ірі қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еліміздің төрт өңірінде есірткі сатушыларды құрықтау операциясы кезінде құны 1 миллиард теңгеден асатын «синтетикалық» зат тәркіленген.

Арнайы жасақтың мәліметінше, күдіктілер бұл компоненттерден 24 миллиард теңге пайда түсіруді көздеген. Одан бөлек, қызметкерлер төрт ірі есірткі зертханасын анықтады. Олардың екеуі Қарағанды, біреуі Ақмола облысында болса, енді біреуі Павлодарда анықталған. Арнайы операция барысында есірткі зертханасын ұйымдастырушы 30 жастағы ер адам ұсталды. Ол дайын «синтетиканы» бүкіл Қазақстанға таратып отырған.