Таразда үйлену тойының кортежі жол ережесін өрескел бұзған

02.04.2021 в 21:12

Құқық бұзғандар алты айға жүргізуші куәлігінен айырылады

Таразда жол ережелерін өрескел бұзған той кортежі бейнебақылау камераларына түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тараз қалалық полиция басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, төрт бірдей жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға қатысты бес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Lada мен Audi автокөліктерінің жүргізушілері жол беру ережесін сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Тағы бір жүргізуші жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлейді, ал Mercedes тізгіндеген жүргізушіге маневр жасау ережесін бұзғаны және жол белгілерінде көрсетілген талаптарды сақтамағаны үшін хаттама толтырылған. 

Сондай-ақ, полицейлер көлік жүргізушілерінің бұрылу кезінде тұтас қос сызықты кесіп өткенін анықтады. Құқық бұзғандар алты айға жүргізуші куәлігінен айырылады.