Көз жұмды: Теміртау тұрғынын көлік қағып кетті
egemen.kz
Оқиға 21 сәуір, сағат 21:25 шамасында болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Теміртауда 40 жастағы тұрғынды көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 21 сәуір, сағат 21:25 шамасында Теміртау қаласындағы Чернышевский көшесінің бойында болған. Жаяу жүргіншілер өтуге болмайтын жерден жолды қиып өткен жолаушыны 20 жастағы жігіт басқарып келе жатқан Hyundai Creta көлігі қағып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан 40 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды. Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады. Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады», – деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
10.10.2026 12:53
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
10.10.2026 09:10
Иммунитетті қалай күшейтуге болады - мамандар кеңесі
10.10.2026 09:54
Қан қысымын төмендетуге көмектесетін жеміс аталды
09.10.2026 12:17