|
27.09.2019 | 16:34
2266

Алматыда алаяқтықпен айналысқан турфирма директоры ұсталды

38 жастағы әйел туристік қызмет көрсетумен айналысқан фирмаға басшылық еткен

Алматыда алаяқтықпен айналысқан турфирма директоры ұсталды ru.zhovta.ua

Алматыда клиенттерді алдап соққан турфирма директоры ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 38 жастағы әйел туристік қызмет көрсетумен айналысқан фирмаға басшылық еткен.

«Бұл келіншек мұның алдында Барселона мен Антальяға демалыс ұйымдастырып жүрген. Клиенттерге жақсы қызмет еткендіктен, туристік фирмаға жүгінетіндер көп болған. Туристік фирма директоры Испанияда демалмақ болған 4 әйелден 1,5 млн теңге алған. Бұл қаражатқа қонақүй мен барып-келу ақысы кірген. Алайда, демалысқа барған клиенттер бұл игіліктерден қағылған. Әйел бұл қаражатты өз мақсатына жұмсаған. Сонымен қатар, Түркияға бет алған туристер де туроператордың кесірінен алданып, діттеген демалысына жете алмады», - деді полициядан.

Күдікті әйел бұрын да осындай әрекеті үшін қылмыстық жауапқа тартылған. Полиция оның бұдан басқа тағы 10 қылмысқа қатысы барын анықтады.

«Күдікті өз қылмысын мойындап, істеген ісіне өкініп отыр. Оған ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлімімен айып тағылды. Бұл азаматшаның әрекетінен жапа шеккен азаматтардың 8-702-503-96-29, 8-701-718-70-69 телефондарына хабарласуын өтінеміз», - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бөлім басшысы Жасұлан Тұрыспаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир