Кесененің қауіпсіздігі үкіметтік деңгейде талқыланып жатыр
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі арнайы күзет қызметінің бақылауына өтеді. Бұл жайында облыс әкімі Дархан Сатыбалды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Әкімнің айтуынша кесененің қауіпсіздігі қазір Үкімет деңгейінде талқыланып жатыр.
- Кепілдікті ешқашан, ешкім бере алмайды. Кесенені жарып жіберуге ұмтылу дерегі ақпанда болған. Оны БАҚ арқылы білдім. Тәжікстанның азаматы сондай әрекет жасағысы келген деп естідім. Бәлкім, олар басқа ағымдағы азаматтар шығар. Оның көзқарасын неге ондай шешімге келгенін білмеймін, – деді аймақ басшысы.
Дархан Сатыбалды кесене қауіпсіздігі бойынша Үкіметке хат жазғанын да айтты. Тарихи орын стратегиялық нысандар тізіміне енгеннен кейін, оның қауіпсіздік шаралары арнайы күзет қызметі арқылы іске асырылады.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артты