|
29.11.2023 | 15:01
1508

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артты

Елдің рухани астанасында 2025 жылға дейін 100 мектеп салынады

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артты Almaty.tv

Түркістан облысы ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі бойынша көш бастады. Биыл салаға 88,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Қайта түлеген өңірдің биылғы жетістіктерін облыс әкімі елордадағы есебінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дархан Сатыбалды аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, әкімдіктің алдағы жоспарын бөлісті. Соған сәйкес, елдің рухани астанасында 2025 жылға дейін 100 мектеп салынады. Қазіргі таңда 35 мың балаға орын тапшылығы байқалыпты. Сондай-ақ үш ауысымды мектеп мәселесін жою үшін жыл соңына дейін 20 білім ошағы қолданысқа беру жоспарланған. Оның алтауы ел игілігіне берілген.

– 1029 мектепте 520 мың бала білім алады. Шалғайдағы елдімекендерде балаларды тасымалдау үшін 101 автобус сатып алынды. Президент тапсырмасымен 1-4 сыныптағы оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту және мемлекеттік мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі толық жергілікті бюджеттен шешіліп отыр, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Оқи отырыңыз: Шымкентте 3000-нан аса бала қызылшамен ауырып жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир