Ақтөбеде 13 жастағы оқушы мектепте партаның қырына құлап жан тапсырды. деп хабарлайды Almaty.tv.
Өзге ата-аналардың сөзінше, көз жұмған оқушы сыныпқа жүгіріп кіріп, табалдырықты аттағанда шалынған. Тамағын партаның бұрышына соғып алған. Мәліметті облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы да растады. Оның айтуынша, оқушы ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілген. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Ақтөбе облысының прокуратурасы мәлімдеді.
– Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іске қатысты процессуалдық прокурор тағайындалған. Тергеу жұмысы Ақтөбе облысы прокурорының жеке бақылауына алынды, – деді облыстық прокурордың көмекшісі Кәмшат Сәлімгереева.
Оқи отырыңыз: Шымкентте газ жарылып, бір адам қаза тапты