Алматыда пранк үшін көліктің әйнегін сындырғандар жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осы күндері әлеуметтік желілерде ашуға булыққан ер адамның өзге көліктің әйнегін ұрып сындырған бейнесі тарап кеткен еді. Кадрлардан бос көшеде келе жатқан 2 көлік көрінеді. Алайда жүргізушілер жолды бөлісе алмай, бір-бірін балағаттай бастайды. Сәлден соң Gelandеwagen жүргізушісі екінші көліктің жолын кесіп, жуан таяқпен оның алдыңғы әйнегін шағып тастайды. Істің мән-жайын тексерген полицейлер бейненің қалжың видео екенін анықтаған. Енді қызық қуған екі алматылық заң жүзінде жазаланады. Осылай деген қалалық полиция департаментінің қызметкерлері олардың халықтан кешірім сұраған видеосын жариялады.
Оқиға болған жерден:
- Бізге таныс ағамыз алдыңғы әйнегінде кішкене сынық бар екенін айтты. Сосын біз оған тосынсый жасап, қалжың видео түсірдік. Әлгі бейнені достарымызға да жібердік. Алайда ол желіде кең таралып, танымал боп кетті. Енді мұндай жағдайды қайталамауға уәде береміз. Сондай-ақ, бейнедегі боқауыз сөздер үшін де кешірім сұраймыз.