Жезқазғандағы мыс балқыту зауытында төтенше жағдай: зардап шеккендер жоқ

Almaty.tv.
Almaty.tv.
Тілсіз жау балқыту цехында трансформатордың жанғыш бөліктерінде тұтанған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жезқазғандағы мыс балқыту зауытында төтенше жағдай болды. Таңғы 09.00 шамасында «Қазақмыс корпорациясына» қарасты кәсіпорында өрт шыққаны туралы төтенше жағдайлар қызметіне хабарлама келіп түскен. Тілсіз жау балқыту цехында трансформатордың жанғыш бөліктерінде тұтанған, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Балқыту цехында өндіріс процессі уақытша тоқтатылды. Өрт сөндіруге Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің барлық күштері мен құралдары, оның ішінде 30-дан астам қызметкерлер мен 10-нан астам қөрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», – деді Жезқазған қаласы ТЖБ бастығының орынбасары Дидар Құйқабаев.

Бұдан бөлек Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинатта да оқыс жағдай болды. Жұмыс барысында балқытылған шойынды тасымалдайтын кранның шөміші құлаған. Салдарынан 2 адамды күйік шалды. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. 1984 жылғы азамттың денесін 30% күйік шалса, 1994 жылғы азаматтың денесі 70% күйіп қалған. Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы ауыр екенін айтады.

«Пациенттердің екеуінің де жағдайы ауыр. Теміртаудағы ауруханада алғашқы жәрдем көрсеткен соң бірден облыс орталығына алдырдық. Денелерін айтарлықтай көп жерден күйік шалған. Күрделі операциялар жасалынады. Қазір жіті бақылауда», – деді Х. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия  ауруханасы ахуал орталығының меңгерушісі Ерік Шонбаев.  

Новости партнеров