Солтүстік Қазақстан облысында 11 жасар бала Есіл өзеніне батып кетті. Қайғылы оқиға Есіл ауданы, Николаевка ауылының маңында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жеткіншек ересектердің қарауынсыз өзенге балық аулауға барған. Алайда ол жерде қармақ салуға да, шомылуға да рұқсат етілмеген дейді төтеншеліктер. Баланың жансыз денесін ауыл тұрғындары тауып, судан алып шыққан.
«Ата-аналарға, облыс тұрғындарына шомылғанда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екенін еске салғымыз келеді. Биыл жаз бұған дейінгі 10 жылдан қарағанда ыстық болды. Жылы күндер өте алдамшы келеді. Себебі судың температурасы 13-15 градусқа дейін түседі. Оған түскен адамның сіңірі тартылып қалып, тіпті жақсы жүзе білетін адамдар да суға батып кетуі мүмкін», – деді Облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Марат Мұратов.