Ол қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр
Атырауда лифт шахтасына құлап ауруханаға түскен жігіттің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Кеше сағат 10:00 шамасында Атырауда көпқабатты үйде лифт құлап, бір адам мерт болған еді. Тұрғын үйдегі лифтіні бөлшектеу кезінде екі қызметкер лифт шахтасына құлап кеткен. Оқиға орнында 40 жастағы адам көз жұмды. Кейіннен лифтінің 15-қабаттан құлағаны анықталды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 1987 жылы туған жігіт ауыр жарақатпен ауруханаға түскен.
«Кеше облыстық ауруханаға жатқызылған 34 жастағы жігітке ота жасалды. Ол қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.