Шымкенттік полиция шетелдік студенттерге көмектесті

13.10.2023 20:24

Үндістандық студенттер келеңсіз жайтқа тап болды

Сурет: polisia.kz

Шымкентте үндістандық студенттер келеңсіз жайтқа тап болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті жоғары оқу орындарының бірінде оқитын үндістандық үш студент туристерге қызмет көрсету жөніндегі полиция пунктіне жүгінген. Олар хабарландыру сайты арқылы оқу орнының маңынан жалға берілетін пәтер тапқан. Тұрғын үй иесі оларды жақын арада орналастыруға уәде беріп, 90 мың теңге алған. Алайда екі күн ішінде түрлі сылтау айтып, пәтерге орналастырмаған.

Туристік полиция инспекторлары үй иесімен байланысқа шықты. Тәртіп сақшылары уәдесін орындамаған пәтер иесімен әңгіме жүргізіп, мұндай әрекеті үшін заң алдында жауапкершілік көзделгенін түсіндірген. Нәтижесінде ер адам ақшаны бірден шетелдіктерге қайтарып, кешірім сұрады.

Оқи отырыңыз: Жыл соңына дейін шетелден тағы 180 млрд теңге қайтарылады