Оралда лагерьдегі 60 баланы кинотеатрға тасымалдаған автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Апатқа ПАЗ маркалы көлік құралын техникалық тексеруден өткізбеген 1986 жылғы жүргізуші кінәлі деп танылған. Оның сондай-ақ, міндетті сақтандыру полисі де болмапты. Ал, өңірлік полиция департаменті «өрттен зардап шеккендер жоқ» дейді.
«Жүргізуші ҚР ӘҚБтК 593-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК 590-бабы 9-бөлігі, 230-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР Еңбек кодексінің 64-бабы 1-тармағының 3-тармақшасын бұзғаны үшін «Балауса» балалар лагерінің қатысушыларын кинотеатрға баруын жүзеге асыру кезінде жауапкершілік танытпай, 13 маусым №52 бұйрығымен №26 мектеп директоры «Балауса» лагерінің жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жариялады», – деді БҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының қызметкері Ербол Аманғалиев.
Оқи отырыңыз: Абай облысындағы өртке байланысты Ильин, Сүлейменова және Ұранхаевтан жауап алынады - Бас прокуратура