Қала билігі апатты кешке дейін реттеуге бел буып отыр
Павлодар қаласында су құбыры жарылды. Қала билігі апатты кешке дейін реттеуге бел буып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құбырдың жарылуына байланысты қала әкімдігі «Павлодар су арнасы», «Павлодар жылу желілері», «Коммунсервис» коммуналдық кәсіпорындарымен бірлесіп, көпқабатты 20 үйге баратын суды үзіп тастады. Ақауды кешке дейін реттеу жоспарланған», - дейді Павлодар әкімінің орынбасары Ермұрат Нұрханов.