Ақтөбеде көлік көпірге кептетіліп қалды

16.10.2021 20:49

AF автокөлігің жүргізушісі көпірмен жүріп, қатар келе жатқан машинаға жол бермеген

diapazon.kz

Ақтөбеде жол ережесін бұзған жүргізуші көлігімен бірге көпірге кептетіліп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласындағы Заречный көпірінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. DAF автокөлігің жүргізушісі көпірмен жүріп, қатар келе жатқан машинаға жол бермеген. Сол кезде Kia маркалы көлік көпірдің қоршауына кептетіліп қалған.

«Ешкімнің денсаулығына зақым келмеді. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Облыстық полиция департаменті жолдағы қауіпсіздікті сақтауға шақырады. Биыл 9 айда облыс жолдарында 391 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 68 адам қаза тапты. Тағы 520 адам түрлі жарақат алды», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Теги: Актобе