Оралда әйел жолдасын пышақтап өлтірді

05.08.2019 20:27

Полицейлер екеуінің арасында жанжал шығып, нәтижесінде әйелдің ер адамға пышақ салғанын хабарлады

Оралда әйел заңсыз некедегі жолдасын пышақтап өлтірген, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Қайғылы жағдай 1 тамызда орын алған.

Полицейлер екеуінің арасында жанжал шығып, нәтижесінде әйелдің ер адамға пышақ салғанын хабарлады. Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

«50 жастағы ер адамның кеудесіне пышақ салған. Дәрігерлер оған бірден ота жасады, бірақ жарақаттары өте ауыр болды. Өкінішке қарай, ер адам 2 тамызда қайтыс болды», - деп хабарлады БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлердің мәліметінше, әйел ұсталды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.



Теги: Орал