«Қазақалтын» кенішінен алтын ұрланды

Фото: ашық дереккөзден алынды
Фото: ашық дереккөзден алынды
Бұл фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 4-бөлігі, «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні «Қазақалтын» АҚ-қа тиесілі катодты алтынды ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық іс-әрекеттері салдарынан кәсіпорынға 122 миллион теңге көлемінде аса ірі шығын келтірілді», – деп хабарлады облыстың ПД.

Бұл фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 4-бөлігі, «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынды.

Қазіргі уақытта қаскөйлерді анықтауға бағытталған процедуралық шаралар кешені жүргізілуде.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі криминалдық полиция мен тергеудің тәжірибелі қызметкерлерінің арасынан осы қылмысты жасауға қатысқан адамдарды анықтау және табу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылғанын хабарлады.

Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Новости партнеров