Оралда жантүршігершілік жол апатынан 8 адам қаза тапты

18.07.2022 20:29

Қылмыстық іс қозғалды

adyrna.kz

Оралда жантүршігершілік жол апатынан 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың екеуі бала. Қайғылы жағдай таңғы саға 3-00 шамасында болған. Nissan көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, ішінде 7 жолаушысы бар Лада автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан 5 адам оқиға орнында жан тапсырды. Қалған үшеуі ауруханада көз жұмды.

«Салдарынан 8 адам қаза болды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Қылмыстық іс қозғалды», – деді облыстық Полиция департаментінің қызметкері Лунара Аманғалиева.