Алматыда дөнер дәмханасы отқа оранды
Қызыл жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда тұрғын үйдің жанында орналасқан дөнер дүңгіршегі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алматы қалалық ТЖД-нің кезекшілік пультіне өрт туралы хабарлама 20 маусым күні сағат 15:06 түскен. Алмалы ауданы, Байтұрсынов көшесінде орналасқан «Дегирмен» дөнер дәмханасын көк түтін басқаны анықталды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетті. Мәлім болғандай, жалын 4 қабатты екі тұрғын үйдің жанына салынған дөнер дүңгіршегінің шатырынан басталған», - дейді ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Тілсіз жау сағат 15:21-де толықтай ауыздықталды. Қызыл жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған.
Зардап шеккендер жоқ. Төтенше оқиғаға түтін шығатын мұржаға жиналған қалдық майлар себеп болған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Алматыда екі күнде айлық жауын-шашын мөлшерінің 76 пайызы жауды
11.11.2026 21:48