Алматыда жол апатыннан ауруханаға түскен бір адамның жағдайы өте ауыр

20.05.2022 21:05

Оның айтуынша, бір науқас реанимация бөлімінде жатыр

Almaty.tv

Алматыда жантүршігерлік жол апатыннан ауруханаға түскен 3 адамның бірінің жағдайы өте ауыр. Бұл туралы қалалық орталық Алматы клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Алматов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, ауруханаға 3 адам келіп түскен, оның біреуінің жағдайы өте ауыр.

«Ауруханаға түндегі әл-Фараби даңғылының бойында орын алған  жол апатынан зардап шеккен 3 адам келіп түсті. Оның екеуі нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Олардың миы шайқалған, жағдайы бір қалыпты. Ал бір науқас реанимация бөліміне жатқызылды, оның жаңдайы өте ауыр», – деді  нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Алматов.

Айта кетейік, 19 мамырда Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бойында ірі жол апаты болып 2001 жылы туған азамат қаза болып, 3 адам ауруханаға жеткізілген болатын.