Алты рет құқық бұзушылық жасаған ер адам ұсталды

23.04.2020 21:12

Аталған деректер ҚР ҚК 379, 378-баптары бойынша СДТБТ-да тіркелді

polisia.kz

Алматы облысында алты рет құқық бұзушылық жасаған азаматтар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алакөл ауданының полицейлері карантин тәртібінде бірден 6 құқық бұзушылық жасаған екі ер азаматты ұстады. Сағат 22.00 шамасында Көлбай ауылының екі тұрғыны 48 жастағы “Иж2715” автокөлігінің иесі және оның ішімдік ішкеннен кейін көлігін басқаруға сеніп тапсырған 59 жастағы жолдасы көрші ауылдан Колбай ауылына жолға шыққан. Елді мекенге келе жатып, олар полиция қызметкерлерінің аялдау туралы заңды талаптарын орындамай, “Алматы-Өскемен” автожолының 480 шақырымында орналасқан санитарлық бекетті елемей, әрмен қарай беттеген.

Қабылданған шаралар нәтижесінде тәртіп бұзушылар тоқтатылды. Алайда рөлде отырған ер адам билік өкіліне бағынбай, ал оның жолаушысы полицейлерге былапыт сөздер айтқан. Аталған деректер ҚР ҚК 379, 378-баптары бойынша СДТБТ-да тіркелді. “Билік өкіліне бағынбау”, “Билік өкілін қорлау”. Куәландыру екі азаматтыңда алкогольдік масаң күйде екенін көрсетті.Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

Сонымен қатар, олардың әрқайсысына ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша ТЖ режимін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік иесі мас күйдегі азаматқа рөлді табыстағаны үшін, екіншісі көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.