Елордалық полицейлер дәріхананы тонамақ болған күдіктіні қолға түсірді

12.06.2020 20:30

Қылмыстық істер кодексінің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

almaty.tv

Елордалық полицейлер дәріханада психотроптық заттарды тонауға әрекет жасаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тергеуде анықталғаны, 2002 жылы туылған азамат, дәрі сататын фармацевтті тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, психотроптық заттарды талап еткен. Көп ұзамай Есіл аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қарақшыны қамауға алды. Сөйтсе, күдікті  «психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығында» есепте тұр екен. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер кодексінің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.