Қазақстанға заңсыз жолмен 400 мың қорап темекі өткізбек болғандар ұсталды

12.06.2020 20:38

Көрші елден республика аумағына осыған дейін де заңсыз өткізілмек болған талай контрабандалық тауарлар анықталған

almaty.tv

«Тауық еті салынған жәшік, ал ішінде 400 мың қорап темекі». Қырғызстаннан Қазақстанға дәл осындай көлемде заңсыз темекі партиясы кіргізілмек болған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызмет мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шекарашылар мұндай заңсыз оқиғалардың орын алуы алғаш емес дейді. Көрші елден республика аумағына осыған дейін де заңсыз өткізілмек болған талай контрабандалық тауарлар анықталған. Темекіні жасырын алып өту фактісіне қайтысты тергеу амалдарын Жамбыл облыстық мемлекеттік кірістер департаменті жүргізіп жатыр.