Кәсіпкер алаяққа 36 млн теңгеге алданды

14.09.2022 20:30

Ұсталған адам қамауда

Фото: ашық дереккөзден

Астанада кәсіпкер алаяққа 36 млн теңгеге алданды. Ол алаяққа алданып, осыншама сома теңгені қолына ұстатқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті «Алматы» ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері Алматы қаласында алаяқтық жасады деген күдікпен 33 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті екі ЖШС басшыларының арасында туындаған сот процесін шешуге уәде беріп, кәсіпкерді заңгер қызметін көрсетемін деп алдаған. Сөйтіп, фирма директорының 36 млн теңге көлеміндегі ақшасын иемденген.

Осы оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу болып жатыр. Ұсталған адам қамауда.