БҚО-да ер адам букмекерлік кеңсені өртеп жібермек болды

07.10.2021 21:22

Сол маңайда жүрген тәртіп сақшылары қылмыстың алдын алған

Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында ер адам букмекерлік кеңсені өртемек болған. Ал оған дейін Ақсай қаласының тұрғыны құмар ойын орталықтарының біріне барып, қызметші қыздан ақша талап еткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бірақ ойы іске аспаған соң, тез жанатын сұйықтық шашып, ғимаратты тұтатпақ болған. Абырой болғанда тәртіп сақшылары сол маңайдан табылып, қылмыстың алдын алған. 

«Күдікті ұсталды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,– деді БҚО ПД баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.