|
22.04.2020 | 15:32
1068

ТЖ кезінде Алматыға азық-түлік тасымалдайтын жүк көліктеріне шектеу қойылған жоқ

Жасыл дәліз арқылы барлық транспорт еш кедергісіз өткізіледі

ТЖ кезінде Алматыға азық-түлік тасымалдайтын жүк көліктеріне шектеу қойылған жоқ © Sputnik / Владислав Воднев

Төтенше жағдай кезінде Алматыға азық-түлік тасымалдау үшін кіріп-шығатын жүк көліктеріне шектеу қойылған жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жасыл дәліз арқылы барлық транспорт еш кедергісіз өткізіледі. Бірі шаһарға көкөніс пен жеміс жидек тасымалдап жатса, бірі облыс аумағына қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрімек жеткізіп жатыр.

Біз дәл қазір Алматы мен Талғар ортасындағы №13 блок-бекетте тұрмыз. Мұнда тәулік бойы жұмыстар тоқтамаған. 44 маман мұндағы қауіпсіздік пен келіп кететін адамдардың құжататрын тексеріп, тіпті осындай жасыл дәліздегі жүк көліктерінің жүргізушілері мен жолаушысының құжаттарын тексеріп, денсаулығын бақылайды.    

Алматы мен облыс аралығындағы медициналық тауар мен азық-түлік тасымалы тоқтамас үшін, әрбір блок-бекетте медицина мамандарынан бөлек, полиция департаменті қызметкерлерімен қатар десантшылар, әсери полиция жұмылған жұдырықтай қызмет етіп етіп жатыр. Алайда транспорттың тиісті құжаттары болмаса кері қайтуға мәжбүр.  

«Жасыл дәліз ұйымдастырылғанымен, біз осындағы әрбір жүк көлігінің жүргізушісінің және оның қасындағы бір жолаушының тиісті құжаттарын қарап жеке-жеке дене қызуын тексеріп және жүк салғыштарының ішіндегі құжатымен тауарлардың сәйкестігін жеке-жеке қарап өткізіп жатырмыз», – деді Медеу ауданы әкімі аппаратының қызметкері Сәкен АРАЛБАЕВ.    

Әкімдік өкілінің сөзінше, орта есеппен тәулігіне нөмірі 13-блок-бекеттен 600-ден астам жүк көлігі өтеді. Құрылыс маусымы басталса бұл көрсеткіш көбеюі мүмкін. Сондықтан тексеріс жұмыстары ешқашан әлсіремейді деді.

Арнат Дүйсен, Ғани Қалуов, «Алмат» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир