Нұр-Сұлтанда индустриалдық саябақтан 15 люк ұрлаған екі күдікті ұсталды

15.09.2020 20:32

Қолды қылған кәріз люктерін олар метал тапсыру орындарына өткізген

Фото: Рен ТВ

Нұр-Сұлтандағы индустриалдық саябақтан 15 люк ұрлаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елордалық полиция департаментінде мәлімдегендей, ұрлық жасағандардың бірі – 23 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Екінші күдікті – 20 жастағы қостанайлық. Қолды қылған кәріз люктерін олар метал тапсыру орындарына өткізген. Қазір тәртіп сақшылары темір қабылдайтын жердегі алып-сатарлық әрекетінің заңдылығы тексеруде. Ал күдіктілер уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.