|
Jol
05.03.2019 | 15:34
2693

Алматы қалалық сотында есінен танып қалған қоғам белсендісі көз жұмды

60 жастағы ер адамның ауруханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде көз жұмғаны белгілі болды

Алматы қалалық сотында есінен танып қалған қоғам белсендісі көз жұмды egemen.kz

Алматы қалалық сотының күту залында қоғам белсендісі есінен танып қалды. Нағашыбай Есмырзаға жедел жәрдем көмек көрсеткенімен, ер адам есін жинамастан қайтыс болған, деп хабарлайды NUR.KZ.

Нағашыбай Есмырза қалалық сотта өтетін «Атажұрт» (ред: Қазақстанда тіркелмеген) еріктілер ұйымының жетекшісі Серікжан Біләштың сотына қатыспақ ниетте келген.

Айта кетейік, журналист, тарихшы Нағашыбай Есмырза әлеуметтік желіде өзінің өткір жазбалары арқылы көпшілікке танылған.

60 жастағы ер адамның ауруханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде көз жұмғаны белгілі болды.

«Бүгін жедел жәрдемге сағат 10:01-де Қазыбек би 66 мекенжайында орналасқан қалалық соттың ғимаратынан шақырту келіп түсті. Жедел жәрдем көлігі арада 7 минут өткенде оқиға орнына жеткен. Науқастың жағдайы өте ауыр болды. Миокард инфарктісі-кардиогенді шок диагнозы қойылды.

Сағат 11:01-де науқасты қалалық кардиологиялық орталыққа жеткізу шешімі қабылданды. Аурухананың қабылдау бөлімінде биологиялық өлім анықталды. Науқас жедел жәрдем көлігінде қайтыс болып кеткен», - деді Алматы қалалық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орыбасары Шайхидин Бадиров.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир