|
04.06.2019 | 16:44
5196

Оралда емтиханнан шыққан 9-сынып оқушысының мұрнын сындырған

Девятиклассника госпитализировали в реанимацию городской многопрофильной больницы

Орал мектептерінің бірінде 15 жастағы оқушының мұрны сынып, ауруханадан бір-ақ шықты, деп жазады tdk42.kz.

Балғын Ізімгерей емтиханнан 4 деген баға алып, қуанышы қойнына сыймай жүрген. Ал 3 алған сыныптасы болған жайтқа ашуланып, төбелес шығарған.

«Сыныптасым Нұрәділ мектеп дәлізінде мені ұра бастады. Сол кезде мұрнымнан қан кетті. Көзім жұмылып қалды. Ештеңе көрмедім. Бірақ үйге келдім. Өзімді нашар сезіндім. Ұйықтап кеттіппін. Бір оянсам ауруханада жатырмын», – дейді Балғын.

Нұрәділдің ата-анасы Балғынның әке-шешесінен кешірім сұрапты.

«Ата-анасы кешірім сұрады. Бірақ біз ұлының заң алдында жауап бергенін қалаймыз. Олар төбелескенде ешкім ажыратпаған. Мектеп мұғалімдері мен күзетшілері қайда болған сонда? Баламыз 3 күн бойы жансақтау бөлімінде жатты. Дұрыс ұйықтай алмайды», – деп шағымданды анасы Рая Сәрсенғалиева.  

Дәрігерлер Балғынның мұрны сынып, бас жарақатын алғанын айтады. Қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.

Ата-анасы түсірген шағым Ішкі істер органында қаралып жатыр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир