Жалпы бұл жұмыстарға 150 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылған
Түркістан облысында Сырдария суына батып кеткен 10-адам табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құтқарушылар бүгін кәмелетке толмаған жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Енді тағы бір адам іздестіріліп жатыр.
Жалпы бұл жұмыстарға 150 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылған.
Айта кетейік, Отырар ауданында бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшесі дарияға демалуға барып, 11 адам суға батып кеткен еді.