Петропавлда 2 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Қайғылы оқиға бүгін сағат 12.35 кезінде тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
2017 жылғы бала ата-ана қарауынсыз қалып қойған, деп хабарлайды ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.
Қайғылы жағдай бүгін сағат 12.35 кезінде тіркелген.
«Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері баланың қайтыс болғанын хабарлады», - делінген хабарламада.
Ай сайын, тіпті апта сайын әртүрлі қалада жас балалардың терезеден құлап кеткені туралы жиі хабарланып жүр. Осы себепті, Төтенше жағдайлар комитетінің мамандары бала үйде жалғыз қалған жағдайда терезені ашық қалдырмауды ескертеді.
«Ойын баласын үйде жалғыз қалдырмаған абзал. Терезеге жақын жиһазды, диванды қоймаған дұрыс. Сол секілді, терезеге тор орнатқан жөн», - делінген комитеттің хабарламасында.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25