|
03.05.2020 | 15:38
10241

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды соққыға жыққан 7 бойжеткенге сот үкімі шықты

Олар сондай-ақ, ішкі істер органдарына «бұзақы төбелескіш» ретінде есепке алынды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды соққыға жыққан 7 бойжеткенге сот үкімі шықты inform.kz

Павлодарда бір топ қыз кәмелеттік жасқа толмаған танысын ұрып кеткен. Бүгін Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында төбелеске қатысы бар 7 бойжеткенге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпарат қа сілтемем жасай отырып.

28 ақпан күні сағат 19:00-де пабликтердің бірінде Павлодарда кәмелеттік жасқа толмаған қызды бір топ әйел қатігездікпен ұрып кеткені туралы видео жарияланған болатын. Ол жерде төбелеске қатысушылар полиция ұстап алғаннан кейін де Instagram парақшасына не істегендері туралы видео салғандары жазылған. Видеодан олардың тірек пунктінде сыра ішіп тұрғандарын көруге болады. Аталған факт Павлодар полициясының солтүстік бөлімінде тіркелген.

«28 сәуір күні бұрын таныс болған қыздар арасында келіспеушілік болған. Төбелестің себебі – зардап шеккен қыз таныс қызға спорттық киімін қайтармай қойған. Сондай-ақ, тірек пунктінде алкогольді ішімдік ішкені үшін бес қызға қатысты әкімшілік жаза қолданылады. Олардың бәрі 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, 3 мамыр күні Павлодар қаласындағы мамандандырылған әкімшілік сотта төбелеске қатысқан 7 қызға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434 (ұсақ бұзақылық) және 476-баптары (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша сот болды. Сонымен қатар, төбелеске қатысқан бір қыз осы екі баптан бөлек, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 478-бабы (төтенше жағдай режимі тәртібін бұзуға итермелеу әрекеті) бойынша іс қозғалды.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, төбелеске қатысқандардың бәрі 5, 10, 15 тәулікке қамауға алынды.

«Төбелеске қатысқандардың екеуінде кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар, сол себепті олардың жазасы жеңілдетіліп, біреуіне15 АЕК, екіншісіне 10 АЕК көлемінде айыппұл жазылды. Олар әкімшілік жазадан бөлек, ішкі істер органдарына «бұзақы төбелескіш» ретінде есепке алынды», - дейді баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, төбелеске қатысушылардың бәріне қатысты ҚР ҚК-нің 389-бабы, 3-бөлімі (озбырлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

«Барлық қыз лайықты жазасын алады. Тергеушілер қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қажетті материалдар жиналды. Олардың қаншалықты деңгейде кінәлі екендерін сот шешеді», - дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир