Талғарда өртенген үйден 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Талғарда өртенген үйден 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«6 ақпан күні сағат 12:33-те өртке қарсы қызмет пультіне Алматы облысына қарасты Талғар ауданының Талғар қаласында 5 қабатты үйден өрт шыққандығы туралы хабар түсті. Екінші қабаттағы балкон өртеніп, өрт 3 және 4 қабаттардың балконына тараған. Жалын шарпыған аумақ 35 шаршы метрді құрайды. Өрт сөндірушілер 35 адамды, оның ішінде 12 баланы қауіпсіз жерге шығарып, бір адамды құтқарды», - деді ресми өкіл.
Оның дерегінше, тілсіз жаумен күреске Алматы облыстық ТЖД жеке құрамының 10 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52